«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Исаковка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Исаковка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ювеналды полиция инспекторымен кездесу

02.11.2020

Жастар арасындағы қылмыстың, сондай-ақ кәмелетке толмағандар жасайтын басқа да құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында 2020 жылғы 2 қарашада Исаковка орта мектебінде білім алушылардың кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор Д. Т. Әубәкіровпен кездесуі ұйымдастырылды. Оқушылармен "Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі" тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді. Өз әңгімесінде инспектор ұрлық, тонау, бопсалау, дене жарақатын салу сияқты қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілікке тартылуы жайлы айтты. Жасөспірімдерге қылмыстық жауапкершілік қай жастан басталатыны және қылмыс жасағаны үшін қандай жазалар қолданылатыны түсіндірілді. Инспектор көшедегі, қоғамдық орындардағы, көпшілік демалатын орындардағы тәртіп ережелерін сақтауға кеңес берді. Ол оқушыларға алкоголь мен темекіні тұтынудың зияны туралы еске салып, бұл зиянды әдеттердің қаншалықты қауіпті екенін түсіндірді.

Просмотров: 377


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст