Тіл – басты байлығымыз
Тіл – адамзат баласына
ғана берілген ұлы қасиет, ерекше қабілет, табиғаттың ғажап сыйы. Әр адамның
тілді орынды қолдана алуы оның өмірде жетістіктерге жетуінің негізі болып
саналады.
Адамдармен тіл табыса білу – үлкен өнер. Тілсіз адамның
биік нәтижеге жетуі, рухани дамуы мүмкін емес. Өйткені адам тек тіл арқылы
басқалармен қарым-қатынас жасап, бірлесе өмір сүреді, биік арманға қол
жеткізеді.
Қыркүйектің алтысы күні Исаковка
орта мектебінде Қазақстан Республикасы Тілдер күніне орай «Мәңгілік ел –
мәртебелі тіл» атты онкүндіктің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Онкүндіктің ашылу
барысында мектеп басшысы Байсеитова Гульжана Султановна сөз алып, оқушылар мен
ұстаздарды тілдер мерекесімен құттықтап, сәттілік тіледі.
Содан соң, өзім онкүндіктің
ашылғандығын хабарлап, іс-шаралар жоспарымен таныстырып өттім. 22 қыркүйек күні
елімізде жылда дәстүрлі түрде тілдер
мерекесі аталып өтетіндігін, 1998 жылы 20 қаңтарда елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев Республика халықтарының ұлттық байлығы – Тілді қорғау мақсатымен 22
қыркүйекті «Қазақстан халықтарының Тілдері күні» деп жариялағандығы туралы
оқушыларға мағлұмат бердім.
Оқушылар зор қызығушылықпен әр күннің іс-шарасына қатысып
белсенділіктерін танытты. 9 сынып
оқушылары: Жақанқызы Мөлдір, Неғметжан Зұлқия тіл туралы өлең-тақпақтарымен
қатар, қызықты грамматикалық ойындар жүргізіп оқушылардың көніл-күйлерін
көтеріп, аса белсенді қатысқан оқушыларға смайликтер таратып берді.
«Рухани тәуелсіздіктің басты негізі – қазақ тілі. Язык –
посредник дружбы и единства» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Күш –
білімде, білім – кітапта» дегендей оқушылар қойылған кітап қорынан біраз
мәлімет алды.
Тілдің көмегімен ғана дүние туралы білім алып, өз
көзқарасын қалыптастырады, адамзаттың өмір тәжірибесін үйренеді. Тек тіл арқылы
көңіл - күйін, ішкі сезімін білдіреді. Сол
себепті, онкүндікке арналған көптеген іс-шаралар өткіздік.
Сонымен қатар мен «Тілі басқа, тірегі бір. Жүзі басқа, жүрегі
бір» атты сайыс түрінде ойын сабағын өткіздім. Оның қатысушыларын жеребе
тастау арқылы көрермендер арасынан таңдап алдым. Сайыс өз
атына сай оқушылардан тапқырлықты, алғырлықты, білімділікті, көп тілді
меңгеруін, яғни «Полиглот» атануды талап
етті. Сайысқа қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп әр түрлі
бағытта: қара сөзбен, суретпен өздерін таныстырды. Сайыста алғырлықтарымен,
тапқырлықтарымен көзге түскен 1-топ «Умники» жеңіске жетті. Ал, 11-сынып
оқушысы Қуанышбек Жанель тіл білгірі «Полиглот» атанды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ерлан Алмажан
7-9-сынып оқушыларымен «Білгіштер бекеті» атты сайыс сабақ өткізді. Сайысқа
7-9-сынып оқушыларынан құралған 3 топ « Сұнқар», « Біріншілер», « Білгіштер»
қатысты. Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды. Әділқазылар алқасынының шешімі бойынша
сайыс барысында өздерінің білімдерімен, алғырлықтарымен, жылдамдықтарымен танылған «Біріншілер»тобы жеңіске жетті.
Орыс тілі пәнінің мұғалімі Ерофеева Елизавета Петровна
мектеп оқушыларымен ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту мақсатымен «Знаешь
ли ты русский язык?» викториналық турнир ұйымдастырды. Викториналық ойын
барысында оқушылар қызықты да мағыналы сұрақтарға жауап берді, орыс тілінде
тұрақты сөз тіркестерін шешіп, мағынасын ашып, оған қызықты сөйлемдер құрастырды.
Ойынға белсенді, бар ынталарымен қызыға қатысқан оқушылар: Михальцова
Екатерина, Епишин Игорь, Конкина Лидия, Тыртышников Никита, Жақанқызы Мөлдір,
Олжабай Мерей, Хисина Диляра, Попова Наталья, Белогуров Алексей, Белогурова
Надежда, Дәулет Арман, Учаева Женя,Неғметжан Зұлқия, т.б. Белсенді көрермендер
қатарынан Хохлова Александра, Кучеровский Константин білімдерін өз көрсетіп
мақтау қағазына ие болды.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Аманжолава Лязат
Аргимбековнаның ұйымдастыруымен «Funny English» мұғалімдер мен оқушылар
арасында тілашар сабағын өткізді. Сабақ барысында оқушылар ағылшын тілінде
көптеген қызықты мағлұматтармен таныс болып, тіл туралы өз ойларын білдірді.
Сонымен қатар, тіл мамандарының ұйымдастыруымен «Туған
жер» мемлекеттік бағдарламасының аясында «Латын әліпбиіне көшудің маңызы» атты
дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында оқушыларға латын әліпбиінің қазақ
тіліне негіздеп жасалған жаңа нұсқасымен таныстырдық. Тақырып төңірегінде бейне
материал көрсете отырып, оқушылардың латын әліпбиіне деген көзқарасын ортаға
салып,біршама мәлімет бердік. Талқылау барысында 11-сынып оқушылары:
Тыртышников Никита, Қуанышбек Жанель озық технологияны пайдалана отырып,
дамыған елдер қатарына қосылу біз үшін үлкен міндет, әрі мақтаныш,- деп
түйіндеді.
«Ән халықтың ажары» демекші, оқушылардың әнге
қызуғышылығын ояту мақсатымен және әнші балалар қатарын көбейту үшін караоке
өткіздік. Караоке барысында оқушылар халық әндерін және заманауи әндерді
қызығушылықпен орындады.
Тілдер мерекесіне арналған онкүндіктің сегізінші күнінде тілдерге деген
құрметті дамыту мақсатында сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Ұлт рухының
алтын қазынасы – тіл» атты сынып сағаттары өтті.
Кез келген ортада
өзін ұстай білетін, ақылды, мінезі жайлы, сөзді дұрыс қолдана алу мақсатымен тіл
мамандарының ұйымдастыруымен мектепте «Бабамның тілі ұрпағына аманат» атты
көркемсөз оқу сайысы өтті. Мәнерлеп оқу сайысына мектептің 1-11 сынып оқушылары
қатысты. Оқушылар көптеген қазақтың ұлы
ақындарының, сондай-ақ, шетел ақындарының тіл туралы, туған жер туралы,
адами құндылықтар туралы өлеңдерін үш тілде мәнерлеп оқыды. 5-сынып оқушысы
Учаева Анастасия және 9-сынып оқушысы Жақанқызы Мөлдір – 1 орынға ие болды. 7-сынып оқушысы Сердалина Зарина,
5-сынып оқушысы Шыңғыс Арлен, Дәулет Арман -2 орынға ие болды. Сонымен қатар
3-орынға ие болғандар: 9-сынып оқушысы Михальцова Екатерина, 8-сынып оқушысы
Сейткужин Елжан және Хисина Диляра 7-сынып оқушысы.
Онкүндік барысында өткен іс-шаралардың анализі жасалып,
онкүндікке белсенді қатысқан оқушылар
марапатталды. Олар: Тыртышников Никита, Кучеровский Константин, Қуанышбек
Жанель, Жақанқызы Мөлдір,Шоқанов Медет, Епишин Игорь, Михальцова Екатерина,
Олжабай Мерей, т.б.