Текст
21.11.2025
Біздің мектепте 10–21 қараша аралығында қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі өтті. Онкүндік аясында оқушылардың мемлекеттік тілге және ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді. Атап айтқанда, эссе байқауы, «көңілді үзілістер», ашық сабақтар, пікірсайыстар, мәнерлеп оқу байқауы және басқа да танымдық әрі шығармашылық іс-шаралар өткізілді.
Аталған іс-шаралардың мақсаты — оқушылардың тіл мәдениетін дамыту, қазақ тілінде ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын жетілдіру, ана тіліне және әдеби мұраға деген құрметті қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін анықтау және қолдау, сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиетін оқуға деген ынтасын арттыру.