№3

 

5-конечная звезда: №3
желтоқсан 2019ж.

              

Волна:   Отанды, жерді, от басын,
                Сөнуден сені сақтасын,
                Жарқыра, менің жұлдызым!  
                                                  М. Айтқожина
        



                  

                                                                                                                                  Мұғалімдерге, оқушыларға

                                                                                                                                   арналған әдеби-танымдық

                                                                                                                                   газет  

 

 

 

            Жұлдыз                                                       №3                                          желтоқсан 2019 жыл    

Мектеп жаңалықтары

 

 «Тұңғыш Президент» күнінен орай Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімдері Саргазина Бижан Туяковна мен Кучеровская Юлия Владимировна сынып сағатын өткізді. Сынып сағатына мектептің 5-11-сыныптары қатысты. Сабақ барысында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы мен елімізге сіңірген еңбегі, жобалары таныстырылды.

Желтоқсан айында мектебіміздің 4 оқушысы аудандық пәндік олимпиадаға қатысты. Атап айтсақ: биология пәнінен  10-сынып оқушысы Неғметжан Даяна, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен  9-сынып оқушысы Олжабай Мерей мен 11-сынып оқушысы Неғметжан Зұлқия, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 11-сынып оқушысы Михальцова Екатерина қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша қазақ тілі мен әдебиетінен Олжабай Мерей ІІ орынға, орыс тілі мен әдебиетінен Михальцова Екатерина І орынға ие болды.

Тәуелсіздік күні қарсаңында мектебіміздің 2-сынып оқушыларын «Жас қыран», 5-сынып оқушыларын «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына  қабылдады. Оқушылар салтанатты түрде ант қабылдады.

Тәуелсіздік күніне орай мерекелік концерт өтті. Концертке 1-11-сынып оқушылары қатысты. Оқушылар мереке қарсаңында қонақтарға арнап патриоттық әндер орындап, би билеп, сахналық қойылымдар тарту етті.

 

«Рухани жаңғыру» жобасының аясында латын графикасын насихаттау мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ерлан Алмажан «Жаңа әліпби – жаңа мүмкіндік» тақырыбында ауызша журнал ұйымдастырды. Оқушылар латын графикасының мүмкіндіктері туралы ой бөлісті.

 

 

Жұлдыз                                                       №3                               желтоқсан 2019 жыл    

Горизонтальный свиток: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар барлықтарыңызды «Тәуелсіздік күнімен» құттықтаймын! Әр ұлт, әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиетті де қымбат ештеңе жоқ. Еліміз алып, құқықтық, дербес демократиялық мемлекет ретінде әлемге танылды. Әрдайым осы биіктен көріне берсін. 
Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай! Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Әрқашанда еліміздің туы биікте желбіреп, келешегі жарқын болсын. 
Баршаңызға аспандарыңыз ашық, көңілдеріңіз шат, еңбектеріңіз жемісті болуын тілеймін. Әрқайсыңыздың қажырлы еңбегіңізбен сүйікті Отанымыз – Қазақстан көркейіп, нығая берсін!
                                                                                           6 «А» сынып оқушысы
							Шыңғыс Арлен 

           
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
  Горизонтальный свиток: Оқушылрадың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау мақсатында желтоқсан айында аудандық пәндік олимпиада өтті. Пән олимпиадасы – ғылымның алғашқы басқышы, бала санасына ғылымның алғашқы ізденістерін қалыптастырып, болашақ ғалымдарды баулитын, ғылымға еркін бойлайтын жастар қосынын қалыптастыратын ең үлкен және ең тамаша бағдарламалық бәсеке.
Осы бәсекеге  мектебімізден 4 оқушы қатысты. Атап айтсақ: биология пәнінен  10-сынып оқушысы Неғметжан Даяна, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен  9-сынып оқушысы Олжабай Мерей мен 11-сынып оқушысы Неғметжан Зұлқия, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 11-сынып оқушысы Михальцова Екатерина қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша қазақ тілі мен әдебиетінен Олжабай Мерей ІІ орынға, орыс тілі мен әдебиетінен Михальцова Екатерина І орынға ие болды. Олимпиада жеңімпаздары мен  пән мұғалімдерін жеңістерімен құттықтаймын. Әрқашанда биіктен көріне берсін!
	 			    9 «А» сынып оқушысы Сердалина Зарина

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұлдыз                                                       №3                               желтоқсан 2019 жыл    

Ғибратты әңгімелер

Шал мен бала

Трамвай қоңырауын шылдыр-шылдыр еткізіп, қала шетіндегі ең соңғы аялдамаға тақап қалды. Жұрт орындарынан түрегеп есікке қарай бейімделді.Орта тұста отырған бүкірлеу қаба сақал кішкентай шал да трамвайдың әбден тоқтауын күтпей, имек бас таяғына сүйеніп, ілгері қарай жүрді. Бір қолында тағамдар салған сумкасы. Кенет трамвайдың жүрісі күрт баяулағанда, шал ілгері лықсып, құлай жаздап қалды. Оның арт жағына таман тақыр бас кішкене бала түр еді. Шалдың қолтығынан шап беріп, сол ұстап үлгерді. Әйтпегенде қауқарсыз қарттың не құлап, не алдағы біреулерге сүзе барып соғылатыны айқын еді.

— Рақмет, балам!

Тақыр бас бала шалды трамвайдың басқышынан да демеп, сүйеп түсірді.Бұл — көз байланып қалған кешкі мезгіл еді. Әлгіндей долы нөсерден кейін жер беті шалшық суға толып, лайсаң батпақ болып қалған. Бұлтты аспан әлі де сыз бүркіп түнере салбырап тұр.Трамвай қоңырауын тағы да шылдырлатып, келген ізіне қарап бұрыла жөнеп берді. Терезеден түсіп, жерді жарық етіп тұрған шаршы көзді сәулелер онымен бірге қозғалды. Енді маңайды қараңғы түнек басып кетті.

Шал шалшық судан қорынып, қалай қарай аяқ басарын бағдарлай алмай тұр.

— Ата, бері қарай жүріңіз, — деп тақыр бас бала шалды қайтадан келіп қолтықтады. -Сумкаңызды маған беріңіз. Мен алып жүрейін.Бейтаныс баланын көргенділік қылығы шалды сүйсіндірді.

— Балам, сен қай баласың?

— Мен сіздің үйдің жоғарғы жағындағы кешеде тұрамын. Сіздің Сашаңыз екеуіміз бірге, бір класта оқимыз, — деді бала.

— Жарайсың, балам. Азық-түлік алайын деп бағана базарға барып едім. Содан соң күн жауып, кешігіп қалғаным. Ал менің Сашам қалай оқиды, соны айтшы?

— Жақсы оқиды.

Класта тыныш отыра ма? Тәртіпсіздік қылықтары жоқ па?

— Жоқ.— Міне, солай болу керек. Тәртіпті болып, жақсы оқу керек, — деп шал баланың қолтығында әңгіме соғып келеді.— Осында, біздің көшеде тәртіпсіз балалар да жоқ емес. Бөтен біреудің бауынан шие ұрлайды. Шиенің өзін ғана үзіп алса, ештеме емес қой. Ағаштың бұтағымен қоса сындырып әкетеді. Әнеукүнгі біреуін аңдып тұрып, ағашқа енді өрмелей бергенде ұстап алайын деп едім. Секіріп түсіп, ұстатпай кетті. Мына сен секілді ақылды бастар оларға айтуларың керек. Бұл істеп жүргенің тәртіптілікке жатпайды. Ұят қылық! Ұрлық істеу — ол жақсы адамның кәсібі емес деп ұялтып, қызартуларың керек. Солай емес пе?

— Иә, — деп бала міңгір еткен болды.

Осы кезде бұлардың алдынан бір бала қараңдап шыға келді. Ол шалдың немересі Саша еді. Атасын күтіп алмақ болып, трамвай аялдамасына қарай кетіп бара жатқан.

Үшеуі шалдың үйіне дейін бірге жүріп келді.

— Ал, ата, қош болыңыз, — деп тақыр бас бала шалға қош айтысты.

Рақмет, балам. Саған көп рақмет. Сен болмағанда мен көшедегі мына шалшық сулардың талайының басын мыжитын едім. Жасың ұзақ болсын, шырағым.

Осы кезде шалдың немересі күліп:

— Ата, сіз әнеугүні бұны құйрыққа оңдырмай ұрып жіберіпсіз ғой? — деді.

— Қашан?

— Әнеугүні, шие үзейін деп жатқанда.

Шалдық үні бітіп қалғандай болды. Тақыр бас балаға тесіле қарап тұр.

— Әй, сол сен бе едің?

— Иә, мен едім, атай. Сіз сонда оңдырмадыңыз мені. Баланы шал құшақтап, бауырына қысты:

— Кешір, айналайын. Мен сені ұрайын деп ұрған жоқпын ғой. Өзіңнен болды. Тұра қашпай-ақ кетсең де... Кешірім сұрасаң да, тимейтін едім ғой.

— Ата, сіз де кешіріңіз.

Үйге келгеннен кейін шал немересінен сұрап отыр.

— Аты кім жаңағы баланың? — Аты Мәулен.

— Сабақты қалай оқиды?

— Класымыздағы ең бірінші отличнигіміз, — деді Саша.

— Қап, бекер ұрған екем. Бәсе, сондай үлгілі бала екені білініп тұр. Сотанақ бала болса, сол таяқ жеген бетінде менімен өштесіп кетер еді ғой. Ал мынаны қарашы. Қайта маған жақсылық істеп, балшыққа түсірмей, үйіме ертіп әкеле жатыр. Дегенмен, көргендінің аты көргенді - ау, шіркін. «Жақсылыққа жақсылық — әр кісінің ісі ғой. Жамандыққа жақсылық — ер кісінің ісі ғой» деп халық тегін айтты дейсің бе!

                                                                                                                      Бердібек Соқпақбаев

 

Жұлдыз                                               №3                                        желтоқсан 2019 жыл    

Әлемде талай қызық бар

 

Оқы, қызық!

 Қытай елі бүгінде секунд сайын дамып жатқан мемлекеттер қатарында. Шамамен 1,5 миллиард халық тұратын елде бәсеке де өте жоғары. Сан сапаны құрайды деген сөзбен келісетін болсақ, қытай бұл жағынан біріншілікті ешкімге бере қоймасы анық. Қыз-қыз қайнаған тіршілікте халық саны көп елде 1 минутта қанша өзгеріс болатынын білгіңіз келе ме? Онда төмендегі қызықты мәліметтерге назар салыңыз.

Ақылға сыймайтын жылдамдық: технологиялар, қоғам...

1 минутта:

Қытайдағы конвейерлерден 55 көлік шығады;

1,2 тонна дәнді дақыл өндіріледі;

52,8 миллион юань (8,3 миллион доллар) өнім сатылады;

157 миллион юань (24,8 миллион доллар) жалпы ұлттық өнім өндіріледі;

1 минутта:

Қытайда 596 метр жол салынады;

Қытай әуежайынан 2 халықаралық ұшақ жолға шығады;

272 қытай әлемге саяхатқа шығады;

бұл уақытта шет елдегі қытайлар 360 мың доллар жұмсап үлгереді;

55 шет елдік азамат Қытай мәдениетімен танысу үшін аспан асты еліне ұшып келеді;

бұл уақытта әлемде 2,3 мың қытай телефоны сатылады;

Қытайды Еуропамен байланыстыратын жүрдек пойыз 2 шақырым жол жүріп үлгереді;

4,6 миллион доллорлық тауарды экспорттайды;

3,7 миллион долларлық шет ел өнімін импорттайды;

Шет елдегі Қытай компаниялары 1 минутта 57 мың доллар салық төлеп, Қытайға 237 мың доллар пайда түсіреді;

Қытайлар робот сияқты жұмыс істеуге көндіккен. Мысалы, олар Гонконг-Чжухай-Макао көпірінің су асты тоннельдерін 16 сағатта құрып бітірді. Пекиндегі көп жолақты Саньюань автомобиль көпірін 43 сағатта қайта құрып шыққан, 60 күн ішінде қытайлық мұнайшылар тарихта бірінші боп Оңтүстік Қытай теңізі түбінен рекорд дәрежеде көп "қайнаған мұз" қазып алды.

 

Ең ... ең ... ең

 

http://bilim-all.kz/uploads/images/2015/03/17/original/9a0236597e36ddc7250373d45a9a762d.jpg

Дүние жүзіндегі ең үлкен сарқырама (Анхель – Венесуэла –1000 м)

http://bilim-all.kz/uploads/images/2015/03/17/original/f847781ae4de01710c3a32c52852810b.jpg

Дүние жүзінің ең биік шыңы (Эверест – Азия–8848 м.)

Дүние жүзіндегі ең үлкен қорған (Қытай – көлемі 3035 м, тереңдігі 175 м).  Қытайдағы ежелгі қорғаныс құрылысы. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұлдыз                                                       №3                                желтоқсан 2019 жыл    

Ойлан, тап!

Бас редактор: Ерлан Алмажан

Редактордың көмекшісі: Олжабай Мерей

Тарату бөлімі: ”Жас тілші” клубы

Байланыс телефоны: 871632-27-1-18; эл. почта:  juldyz.www.kz@mail.ru    .

Мекен жайы: Исаковка ауылы Мектеп көшесі 20,  «Исаковка орта мектебі» КММ

Газет айына бір рет шығады